📚6 қыркүйек күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Отбасы-бақыт мекені» атты сыр-сұх...
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
Сыр – сұхбат кітапхананың қызметкері Тулегенов Максат және жұбайы Тулегенова Жансаяға арналды.
Максаты: Отбасы құндылықтарын нығайту, отбасына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазіргі қоғамдағы отбасының рөлі мен мәртебесін көтеру.
Шара барысында Максат Жансаямен қуанышты күндер мен бір-бірімен сүйеу болып өткізген шақтарын әсерлеп баяндап берді.
Шарада Қазақ соқырлар қоғамының төрайымы Жұрынбай Назым, кітапхананың белсенді оқырманы Жанасілов Әлібек, №5 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар қызықты сұрақтар қойылып, көңілді ойын ойнатылып кеш көркін қыздырды.
Сыр-сұхбатқа облыстық “Aqtobe” телеарнасының тілшілері куә болды. @aqtobe.madeniet @5_orta_mektep #otbasykuni #adalazamat #адалазамат #отбасыкүні

