Каталог
Новости библиотеки

20 тамыз күні арнаулы кітапханада «Ислам түсініктері» атты сұхбат өткізілді. Шараға Ақтөбе облысының дін істе...

20 тамыз күні арнаулы кітапханада «Ислам түсініктері» атты сұхбат өткізілді. Шараға Ақтөбе облысының дін істері басқармасы ММ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы КММ теолог маманы Саметов Самат Сапарұлы қонақ ретінде шақырылды.
Мақсаты: оқырмандарға жалпы дін соның ішінде ислам дінінің адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалыққа тәрбиелеудегі маңызы мұсылман дінінің өміршеңдігі туралы мағлұматтар беру.

Сұхбат барысында оқырмандар әр мұсылман өз дінін насихаттағаны дұрыс және дініне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарауға міндетті екендігі айтылды. Шара қонағы Самат Сапарұлы ислам діні жөнінде жастар арасында жақсы көзқарас қалыптастырып, қоғамдағы ислам дінін жамылған өзге діндерді ұстанушыларды теріс бағытқа түсіп кетуден сақтану жолдарын үйрету әр ересек адамның парызы екендігін ескертті.
Кітапхана оқырмандары көкейдегі кейбір өзекті сұрақтарына теолог маманнан толық жауап алды. @aqtobe.madeniet @ansar_aqparat
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.