Каталог
Новости библиотеки

📕1 тамыз күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар арнаулы кітапханасы Байғанин аудандық орталықтандырылған к...

📕1 тамыз  күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар арнаулы кітапханасы Байғанин аудандық орталықтандырылған к...
📕1 тамыз күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар арнаулы кітапханасы Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде “Тең мүмкіндіктер этикасы:зағип және көру қабілеті бұзылған оқырманмен қарым- қатынас” атты психологиялық тифлотренинг өткізді.
Тифлотренинг мақсаты: зағип және көзі нашар көретін оқырмандармен жұмыс барысында кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, инклюзивті кітапханалық қызмет көрсету саласында тәжірибе алмасу, жобаларды талқылау, кітапханалар, білім және мәдениет мекемелері, қоғамдық ұйымдар арасында кәсіби байланыс орнату.
📗Шара барысында “Арнаулы кітапхана жұмысы мен жетістіктері” тақырыбында кітапхана қызметкері Қ. Қонысбай баяндама оқып, бейнеролик көрсетілді.Тифлопедагог М. Тулегенов“Библиотека без преград: спецбиблиотека в современном обществе” тақырыбында зағип жандарға арналған тифлоқұрылғыларды таныстырып, Брайль жүйесі бойынша жазу шеберлік сағатын өткізді.
📕Сонымен қатар, кітапхана қорына әдістемелік құралдар таныстырылып табыс етілді. “Ерекше кітаптар әлемі “ жобасы аясында түскен тактильді кітаптардан көрме жасақталып, библиографиялық шолу жасалып, зағип жандарға арналған спорт түрлері насихатталды.
Сондай-ақ, кітапхана ұжымына Г.Тетегулова “Адами қарым- қатынас мәдениеті” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Шара қорытындысы кітапхана қызметкерлеріне арналған сауалнамамен аяқталды. @aqtobe.madeniet @baiganinkitaphana
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.