№13 орта мектепте 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тілім — менің тірегім!» атты поэзия сағ...
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
Шараның мақсаты – ана тілінің қадір-қасиетін дәріптеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқырмандардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру және ақын-жазушылардың тіл туралы шығармаларын насихаттау.
Поэзия сағатында қазақ тілінің тарихы мен маңызы туралы бейнеролик көрсетіліп, тіл тақырыбында өлеңдер оқылды. Оқушылар қазақ ақындарының тіл, Отан, туған жер туралы жырларымен танысып, өздерінің сүйікті өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар тілдің адам өміріндегі орны, ана тілін құрметтеу және оны сақтау жөнінде пікір алмасты.
Шара барысында кітап көрмесіне қойылған тіл тақырыбындағы
әдебиеттер таныстырылып, оқырмандарға ұсынылды. @aqtobe.madeniet

