📌 Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен қалалық №5 орта мектепте 8-9 класс оқушыларының қатысуымен офицер, ба...
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
📌Ерлік сағаты Рахымжан Қошқарбаевтың өскен ортасы, ата -анасы, туралы естеліктерден басталды. Оқушыларға тақырыпқа сай кітап көрмесі таныстырылып, халық қаһарманының ерлігі туралы " Ашығын айтқанда" бейнеролигі көрсетілді. Рейхстагқа ту тіккен жалғыз қазақ- Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі жан- жақты насихатталды.
📌Сонымен қатар, слайд арқылы түрлі сауалдарға жауап алынды. Шара барысында қазақ тарихында есімдері қалған батырлар: Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Сағдат Нұрмағамбетовтың жасаған ерлік істері сөз болды. Патриоттық сезімді оятар рухты ерлік сағатының соңында мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сандуғаш Букеевнамен белсенділік танытқан оқушыларға кітапхана директоры Құралай Раймбаеваның алғыс хаты табысталды.
@aqtobe.madeniet
@5_orta_mektep
#рахымжанқошқарбаев100жыл

