Каталог
Новости библиотеки

🔰30 сәуір күні арнаулы кітапханада 1 мамыр–Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Ұлт ұлысқа ортақ үй...

🔰30 сәуір күні арнаулы кітапханада 1 мамыр–Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Ұлт ұлысқа ортақ үй - Қазақстан" атты кездесу кеші өтті.
🔰Кештің мақсаты:көп ұлтты ҚР халықтар достығы–еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері негізін оқырмандардың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге баулу.
🔰Аталған шараға қонақ ретінде Ақтөбе облыстық «Шатлык» этномәдени бірлестігінен татар және башқұрт ұлт өкілдері шақырылды. Шара барысында қонақтар өздерінің мәдениетін, дәстүрін, ұлттық тағамдары туралы толық айтып, ерекшелігі мен артықшылығына тоқталды. Тақырыпқа сай «Қазақстан бірлік пен татулықтын мекені» атты кітап көрмесі жасақталып библиографиялық шолу жасалды.
Сонымен қатар, № 71 мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салып зағип оқырмандардың ықыласына бөленді.
@aqtobe.madeniet
@shatlyk_aktobe
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.