Каталог
Новости библиотеки

📕 «Сөз сыры» жобасы аясында арнаулы кітапхана қалалық №5 орта мектепте 9 класс оқушыларына «Мен білетін авто...

📕 «Сөз сыры» жобасы аясында арнаулы кітапхана қалалық №5 орта мектепте 9 класс оқушыларына «Мен білетін автор» интеллектуалдық ойынын өткізді. Интеллектуалдық ойын түрлі кезеңдерден тұрды. Әр кезеңде оқушылар түрлі тапсырмалар орындап сұрақтарға жауап берді.
📕 Шара барысында қазақ прозасына өлшеусіз үлес қосқан қаламгерлер: Мұхтар Әуезов, Әбіш Кекілбаев, Бейімбет Майлин, Сайын Мұратбеков, Шерхан Мұртаза, Бердібек Соқпақбаев, Әзілхан Нұршайықов және шет ел авторлары Агата Кристи, Пастернак, Стеван Цвейг шығармалары кеңінен насихатталып, оқушылар қызықты сауалдарға ұшқыр оймен ұтымды жауап бере алды. Сонымен қатар, оқушылар поэзия әлемінде көш бастаған қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Шаханов, Бәкір Тәжібаев сынды әдебиет әлемінде өзіндік орны бар ақындардың сөзіне жазылған әндердің авторын тауып караокеде ән шырқады.
📕Шара барысында оқушылар «Егерде мен...» сауалына жауап жазып шығармашылық қабілеттерін шыңдады.
Интеллектуалдық ойын соңында мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзат Амангелдіқызымен белсенділік танытқан оқушыларға кітапхана директоры Құралай Раймбаеваның алғыс хаты табысталды.
@aqtobe.madeniet
@5_orta_mektep
#сөзсырыжобасы
#менбілетінавтор
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.