Қазақ әдебиеті – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық болмысымыз бен тарихымыздың көркем шежіресі. Ғасырлар бой...
Не удалось открыть видео. Попробуйте позже.
Сіздердің назарларыңызға 2026 жылы мерейтойлары аталып өтетін көркем шығармалар мен қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің туындыларынан құралған ««Қазақ әдебиетінің жауһарлары» бейнешолуын ұсынамыз.
Бұл бейнешолуда ұсынылған әр кітап – оқырманды өткенді тануға, бүгінді бағалауға, болашақты ойлауға жетелейтін рухани қазына.
Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы жарық көрген «Қартқожа» романына биыл 100 жыл! «Қартқожа» – қазақ әдебиетінің алғашқы көрнекті романдарының бірі.Шығармада ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының тыныс-тіршілігі, әлеуметтік теңсіздік, тарихи өзгерістер және білімге ұмтылған қазақ жасының тағдыры суреттеледі. Жазушы қарапайым ортадан шыққан, қиындықты көп көрген, білімге құштар, көзі ашық болуға ұмтылған басты кейіпкер Қартқожаның өмір жолы арқылы халықтың оянуы мен білімнің маңызын көрсетеді.
Қазақ әдебиетін жауһарларын бірге оқып, бірге танып, рухани әлемімізді байытайық! @aqtobe.madeniet

