Жалпы ақпарат
Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана — зағип оқырмандар үшін рухани кемелдену мен білімнің ордасы, ұлттық руханият пен инновацияның тоғысқан мекені. Кітапхана қазақ әдебиетінің алтын қазынасын сақтап қана қоймай, оқырмандардың рухани өсуі мен тұлғалық дамуына ерекше көңіл бөледі.
Арнайы кітапхананың қалыптасу тарихы Ақтөбе соқырлар қоғамының құрылу тарихымен тығыз байланысты.
Кітапхана басшылары
Кітапхананы әр жылдары төмендегі басшылар басқарды:
- 1969–1974 жж. — Огай Анна Игнатьевна
- 1976–1984 жж. — Пластун Тамара Ивановна
- 1988–2005 жж. — Анкапова Ынта Боранбайқызы
- 2005–2014 жж. — Есенжанова Несіп Теміржанқызы
- 2014–2017 жж. — Қалауов Нұрлыбек Амандәулетұлы
- 2017–2022 жж. — Хамзина Гүлстан Ғимранқызы
- 2022 жылдан бастап — Раймбаева Құралай Серікқызы
2026 жылғы негізгі көрсеткіштер
- Пайдаланушылар саны — 2000 адам
- оның ішінде зағип және нашар көретіндер — 670 (33,5%)
- балалар — 130 (20%)
- Келушілер саны — 22 000 адам
- Кітап беру саны — 34 002 дана
- Іс-шаралар саны — 126
- Веб-ресурстарды пайдаланушылар — 806 адам
Кітап қоры
Кітапхана қоры жалпақ қаріппен терілген, бедерлі-нүктелі және дыбыстандырылған аудио кітаптардан, сондай-ақ мерзімді басылымдардан тұрады. Жалпы кітап қоры — 37 883 дана.
Ақпаратқа қолжетімділікті арттыру мақсатында Брайль қарпіндегі кітаптарды сатып алуға жыл сайын шамамен 1 600 000 теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Оқырмандар сұранысына сәйкес көркем, балалар және танымдық әдебиеттер тұрақты түрде толықтырылып отырады.
Арнайы форматтағы қор:
- Брайль кітаптары — 6 011 дана
- Дыбыстандырылған кітаптар — 11 455 дана
- Бедерлі-графикалық құралдар — 20 дана
- Тактильді кітаптар — 50 дана
Инклюзивті жобалар және серіктестік
Облыстық және аудандық кітапханалармен бірлескен жұмыс нәтижесінде инклюзивті бұрыштар ашылып, 1 500 кітаппен толықтырылды. Бұл зағип оқырмандардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға және оқырман санын көбейтуге мүмкіндік беріп отыр.
Материалдық-техникалық база
Кітапхана заманауи тифлотехникалық құралдармен жабдықталған:
- Тифлокешенді компьютерлер — 2
- Брайль принтерлері — 2
- «SARA», «ClearReader+» оқу машиналары — 4
- Тифлофлешплеерлер — 2
- Брайль жазу құралдары: «Азбука панели», «Брайлевский самоучитель»
Қосымша құрылғылар:
- Оқу машиналары (мәтінді дауыстап оқиды)
- Брайль дисплейлері мен принтерлері
- Электронды лупалар (мәтінді үлкейтеді)
2025 жылы 12 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп, заманауи компьютерлер, сөйлейтін бағдарламалар және аудиоқұрылғылар сатып алынды.
Инфрақұрылым
Кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, оқу залы, әдеби қонақжай, фонотека және қор сақтау бөлімдерімен толық жабдықталған. Кітапхана республикалық автоматтандырылған ақпараттық жүйемен қамтамасыз етілген.
Онлайн ресурстар және серіктестік
Кітапхана Ресейдің «Логос» халықаралық онлайн кітапханасымен келісім негізінде жұмыс істейді. Оқырмандар аудио кітаптарды тегін жүктеп, тыңдау мүмкіндігіне ие.
Жобалар
Кітапханада келесі шығармашылық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда:
- «Арнаулы кітапхана шақырады»
- «Ерекше кітаптар әлемі»
- «Көп оқыған қария»
- «Сөз сыры»
- «Замандастар»
- «Жетістікке жету өз қолыңда!»
- «BOOK LOVERS»
- «Учимся по Брайлю»
- «Тифлокино»
- «Әдеби такси»
- «Арт-терапия»
- «Балаларға базарлық»
«Ерекше кітаптар әлемі» жобасы аясында «Саусақ ұшындағы инклюзия», «Салт-дәстүр — сан ғасырлық саф мұра» атты республикалық байқаулар дәстүрлі түрде өткізіледі. Нәтижесінде қор 100-ден астам тактильді кітаппен толықты.
Қызмет көрсету
Кітапхана барлық аудандарда стационардан тыс қызмет көрсетеді және «Үй абонементі» жүйесін жүзеге асырады. Кітапхана «Лада Ларгус» автокөлігімен қамтамасыз етілген.
Қорытынды
Кітапхана — оқырман қажеттілігін басты орынға қоятын руханият ордасы.
Біздің ұстаным: кәсіби қызмет – мінсіз келбет!

