І. Жоба паспорты
|
Атауы |
«Art - терапия» жобасы
|
|
Жобаның дамыту кілті |
|
|
Бастапқы әзірлеуші |
|
|
Мақсаты |
|
|
Іске асыру мерзімі |
|
|
Өтетін орны |
|
|
Күтілетін нәтиже |
|
|
Қорытынды |
|
«Art - терапия» жобасының қысқаша сипаттамасы
Art - терапия — сезімдерді жасалған мүсін арқылы жеткізу, жасырынған қабілетті шығаруға, қоғаммен байланыс орнатуға негізделген жоба.
Art — терапия элементтерін дамытушы-түзетуші тренингтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып, қолданып отырса тұлғаны дамытуда үлкен жетістікке жете отырып, баланың шығармашылық қабілеттерін арттыруға, ой-өрістерін дамытуғаболады.
Art - терапия адамның шығармашылығы және өнер шығармалары (картина, мүсін, кітап, кино өнері) арқылы жүзеге асырылады. Ал адам бойындағы шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстанымын көрсете білуімен сипатталады. Тақырыптық жоспарлауы мектеп жасындағы оқушыларға психологиялық ерекшеліктер негізінде әзірленеді. Шығармашылық белсенділік танытатын стимулдық орта қалыптастыру, таным процестерін дамыту, тактильді-кинестикалық сезу мен қолдардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған.
Art - терапиясы — бала психикасына әсерін тигізе отырып, қызығушылығы артады, сурет салу барысында ұсақ саусақ моторикасының, есте сақтау қабілетінің, қозғалыс ептілігінің, жүйке жүйесінің жоғары, белсенді деңгейде жұмыс жасауына мүмкіндік жасайды.
Баланың бойындағы табиғат берген жеке тұлғалық қасиеттерінің ашылуына, дами түсуіне, сезімдері мен қайрат-жігерін, шығармашылығын, тәртібі мен ұйымшылдығын арттырады және олардың эмоционалды жағдайына оң әсерін тигізеді.
ЖОБАНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ:
- ҚР дамытудың стратегиялық міндеттерін шешу аясында жеке тұлғаның және қоғамның рухани-адамгершілік, зияткерлік, мәдени дамуының негізі ретінде кітапхана рөлін күшейту.
- Мүгедек жандарды қоғамның дамуына белсене араластыру, әлеуметтік маңыздылығын қалыптастыру.
- Мүгедек жандардың жандардың бос уақытын тиімді өткізу және қызықты етіп ұйымдастыру.
- Әлеуметтік ортада туындап отыратын көңіл-күйдегі агрессивті сезімдерден босату;
- Сурет салу, живопись, түрлі-түсті бояулар мен глинаны пайдалана отырып адам бойындағы психикалық қысымдардан, ауыр сезімдерден арылту;
- Отбасы ішіндегі, бала мен ата-ана арасындағы кикілжіңді шешуге көмектесу;
- Іштей өзін-өзі реттей алушылық пен өзін-өзі бақылай алу сезімінің пайда болуына әсерін тигізу;
- Өз сезімдеріне зейін қоя отырып, көңіл бөлуін дамыту және нығайту;
- Адамдардың жағымсыз әсерлерден шығуына, оң әсерлi эмоциялардың көрiнуiне, тығырықты, ішкі конфликті жағдайынан шығуға және де белсендi өмiр позициясын құруға жол ашу.
- Әр түрлі сезімдерді символдық деңгейде пысықтауға, оларды әлеуметтік қолайлы нысанда зерттеуге және көрсетуге мүмкіндік береді;
- Өз ойын жеткізуге, қиялдауды, эстетикалық тәрбиені, бейнелеу өнерінің тәжірибелік машығын, жалпы алғанда көркем өнерге деген қабілетін дамытуға мүмкіндік береді;
- Баланың бейімделу қабілетін арттырады, шаршауды, оқуға байланысты болатын жағымсыз жағдайлардан арылтады.

