ЖОБА ПАСПОРТЫ
- Жобаның атауы: «Инклюзив - community» (Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қоғамдық ортаның ықпалдастық қауымдастығы).
- Жобаның авторы: Тулегенов Максат Амантаевич
- Ұйымдастырушы: Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы
- Жобаның мерзімі: 2026–2027 жылдар
- Мақсатты аудиториясы: Көру қабілеті бұзылған ересектер мен жастар, кітапхана оқырмандары, еріктілер (волонтерлер), студенттер мен мәдениет саласының мамандары.
- Негізгі серіктестер: Зағиптар мәдениет үйі, Облыстық мүгедектер қоғамы, Жұмыспен қамту орталығы, С.Бәйішев атындағы облыстық кітапхана, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі.
- Инновациялық бағыты: «САТР» заманауи тифлотехнологияларын әлеуметтік ортада қолдану, Жасанды интеллект (AI) арқылы коммуникацияны дамыту, коворкинг және ашық сұхбат алаңдарын («Шабыт шырағы» форматында) құру.
ЖОБАДЫҢ МАҚСАТЫ
Зағип және нашар көретін азаматтардың қоғамдық-мәдени ортаға толыққанды кірігуі (интеграциясы) үшін кітапхана базасында еркін диалог пен шығармашылық алмасу алаңын («Инклюзивті қауымдастық») құру; заманауи ақпараттық технологиялар мен бірлескен әлеуметтік жобалар арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар мен қоғам арасындағы кедергілерді жою.
ЖОБАДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
- Әлеуметтік серіктестікті дамыту: Кітапхана оқырмандары, студенттер, жұмыс берушілер мен билік өкілдері арасында тұрақты байланыс орнататын мәдени-әлеуметтік коворкинг орталығын қалыптастыру.
- Цифрлық және тифло-сауаттылық: Қауымдастық мүшелеріне «САТР» орталығының жаңа құрылғыларын, Брайль дисплейлерін және Жасанды интеллект бағдарламаларын меңгерту арқылы олардың ақпараттық дербестігін арттыру.
- Кәсіби бағдар және жұмыспен қамту: Жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, зағип жандардың заманауи компьютерлік технологиялар көмегімен жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейту, кәсіби тренингтер өткізу.
ЖОБАДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
- Кітапхана жанынан мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажы мен шығармашылығын қолдайтын тұрақты еріктілер (волонтерлер) тобы мен белсенді орта құрылады.
- Қауымдастық мүшелері заманауи тифлотехниканы игеріп, қоғамда өз бетінше ақпарат алуға бейімделеді.
- Инклюзивті шаралар арқылы қоғамның мүмкіндігі шектеулі жандарға деген оң көзқарасы қалыптасып, әлеуметтік кедергілер азаяды.


