Каталог

«Көп оқыған қария» (Егде жастағы азаматтарды рухани қолдау және инклюзивті әлеуметтендіру жобасы)

                                   ЖОБА ПАСПОРТЫ

Жобаның атауы: «Көп оқыған қария» (Егде жастағы азаматтарды рухани қолдау және инклюзивті әлеуметтендіру жобасы).

Ұйымдастырушы: Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы.

Жобаның авторы: Қонысбай Құндыз Нұрланқызы

Жобаның мерзімі: 2023–2025 ж.

 Аудиториясы: Көру қабілеті бұзылған егде жастағы оқырмандар, зейнеткерлер.

Негізгі серіктестер: қалалық мектептер, орта және жоғары оқу орындары, зағиптар мәдениет үйі.

Жобаның құралдары: САТР заманауи тифлотехникалық құралдары (үлкен экранды бейнеұлғайтқыштар, тифлофлешплеерлер), Брайль қарпіндегі ірі әдебиеттер, мерзімді баспасөздің аудио-нұсқалары.

 ЖОБА МАҚСАТЫ Көру қабілеті бұзылған егде жастағы азаматтардың кітапханалық-ақпараттық қызметтерге қолжетімділігін арттыру арқылы олардың рухани-мәдени қажеттіліктерін өтеу; қариялардың интеллектуалдық белсенділігін ұзақ жылдар бойы сақтауына жағдай жасау және олардың өмірлік тәжірибесін өскелең ұрпаққа насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын орнату.

 ЖОБА МІНДЕТТЕРІ

Рухани және ақпараттық қолдау:   Қария оқырмандар үшін Брайль қарпіндегі классикалық туындыларды (мысалы, Қабдеш Жұмаділовтің романдары, Күләш Ахметова мен Ертай Ашықбаевтың жырлары) және аудиокітаптар қорын қолжетімді ету.

Ұрпақтар сабақтастығы (Диалог алаңы): Ардагер кітапханашылар мен қариялардың қатысуымен  тағылымды кездесулер, ғибратты әңгіме сағаттарын ұйымдастыру.

Әлеуметтік оңалту: Кітапханаға келуге физикалық мүмкіндігі шектеулі қарияларға «Үйге кітап беру» (надомный абонемент) қызметін ұйымдастыру және оларға тифлофлешплеерлер жеткізу.

Мәдени демалыс: Зағиптар мәдениет үйінің өнерпаздары және дәстүрлі өнерді насихаттаушы термешілердің қатысуымен қарияларға арналған әдеби-музыкалық кештер өткізу.

 

ЖОБАДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Арнаулы кітапхананың егде жастағы тұрақты оқырмандарының саны артып, олардың әлеуметтік ортадан оқшаулану (жалғыздық) деңгейі төмендейді.

Қариялар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, кітап оқу арқылы ой қиялы дамиды.

Жас ұрпақ студенттер мен мектеп оқушылары көпті көрген қариялардың ғибратты әңгімелерін тыңдап, рухани тәрбие алады.

 

Суретті қарау
100%

Суретті + және − батырмаларымен үлкейтіңіз. Оны тінтуірмен немесе саусақпен жылжытыңыз; телефонда екі саусақпен масштабын өзгертуге болады.