ЖОБА ПАСПОРТЫ
- Жобаның атауы: «Ретро – vibe» (Өткен күннің рухани сағынышы мен ескі әндер ырғағы).
- Жобаның авторы Тулегенов Максат Амантаевич
- Ұйымдастырушы: Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы
- Жобаның мерзімі: 2026–2027 жылдар
- Мақсатты аудиториясы: Көру қабілеті бұзылған егде жастағы оқырмандар, әлеуметтік қорғау саласының ардагерлері, зейнеткерлер және ретро бағытына қызығатын жастар.
- Жобаның құралдары: Ретро тифло құрылғылар, ретро винил күйтабақтары (пластинкалар), тифлофлешплеерлерге жазылған қордағы аудиокітаптар мен архивтік радио-қойылымдар.
ЖОБАДЫҢ МАҚСАТЫ
Көру қабілеті бұзылған қариялардың мәдени-рухани қажеттіліктерін өткен ғасырдың алтын қорындағы әдебиеті, музыкасы және радио-драмалары арқылы қанағаттандыру; ескі мен жаңа заман арасындағы мәдени байланысты тифлотехнологиялар көмегімен жаңғыртып, егде жастағы азаматтардың эмоционалдық және психологиялық денсаулығын қолдау (ретро-терапия).
ЖОБАДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
- Қорды насихаттау: ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің классикалық туындыларын (мысалы, Қабдеш Жұмаділовтің романдары, Шәмші Қалдаяқовтың әндерінің тарихы) Брайль және аудио нұсқада қарияларға кеңінен ұсыну.
- Аудио-ретро терапия: Кітапханада винил күйтабақтары мен таспалы магнитофондардың дыбысын тыңдау бұрышын ұйымдастыру, өткен күннің естеліктерін жаңғырту арқылы қариялардың көңіл-күйін көтеру.
- Ұрпақтар үндестігі: Ретро мәдениет пен бүгінгі заманауи трендтерді (Жасанды интеллект, тифло құрылғылары) ұштастыра отырып, қариялар мен жастар арасында шығармашылық диалог алаңдарын құру.
- Музыкалық-поэзиялық кештер: өткен ғасырдың 60-80 жылдарындағы хит әндер мен мөлдір лирикаға арналған «Ретро-vibe» кештерін өткізу.



