Каталог

«Руханият» жобасы

Жобаның паспорты

 

Жобаның атауы :  «Руханият» жобасы.

Ұйымдастырушы: Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы.

Жобаның авторы: Қонысбай Құндыз Нұрланқызы

Жобаның мерзімі:   2026–2028 ж.

 Аудиториясы: Көру қабілеті бұзылған егде жастағы оқырмандар, оқушылар, студенттер, жастар, зейнеткерлер.

Негізгі серіктестер: қалалық мектептер, орта және жоғары оқу орындары, зағиптар мәдениет үйі.

Жобаның құралдары: САТР заманауи тифлотехникалық құралдары (үлкен экранды бейнеұлғайтқыштар, тифлофлешплеерлер), Брайль қарпіндегі ірі әдебиеттер, мерзімді баспасөздің аудио-нұсқалары.

 Жобаның мақсаты:

Қоғамдағы рухани, мәдени және тарихи құндылықтарды насихаттау, сақтау және дамыту.

Жастар арасында ұлттық сана мен патриоттық сезімді қалыптастыру.

Қоғамның рухани дамуына үлес қосатын мәдени іс-шараларды ұйымдастыру.

 Жобаның міндеттері:

Ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраны жастарға таныстыру, оларды насихаттау.

Рухани құндылықтарды танитын, шығармашылық қабілеті дамыған тұлғаларды қалыптастыру.

Мәдени шаралар, семинарлар, тренингтер, көрмелер ұйымдастыру арқылы қоғамның рухани деңгейін көтеру.

Жастардың тарихи-мәдени білімін арттыру үшін ақпараттық материалдар мен бағдарламалар жасау.

 

ЖОБАДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

 Адамзат арасында жастар арасында ұлттық рухани құндылықтарға қызығушылық пен сыйластық деңгейінің өсуі. Руханиятқа бағытталған түрлі мәдени және білім беру іс-шараларының тұрақты өткізілуі. Қоғамдағы патриоттық сезім мен ұлттық бірегейліктің нығаюы.

Суретті қарау
100%

Суретті + және − батырмаларымен үлкейтіңіз. Оны тінтуірмен немесе саусақпен жылжытыңыз; телефонда екі саусақпен масштабын өзгертуге болады.