Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен “ Руханият...

📚Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен “ Руханият...
📚Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен “ Руханият” жобасы аясында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, аудармашы Қуанышова Гүлімай Әбішқызы, ақын, ұстаз Ибраев Нұрбол Ерболұлының қатысуымен “Шабыт шырағы” сұхбаты өтті.
📚Сұхбатқа кітапхана оқырмандарымен қатар, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен студенттері, қалалық қазақ зағиптар мәдениет үйінің өнерпаздары, қалалық, облыстық кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Кітап оқитын қоғам құру негізін алға тартқан қонақтар, оны дамыту жолдары туралы баяндады. Шара барысында өлкелік қос ақынның өскен ортасы, шығармашылық даму кезеңдерін қамтыған бейнежазбалар көрсетіліп, студенттер, оқырмандар түрлі тақырыпта жазылған өлеңдер легін мәнерлеп оқыды. Ақындардың бауырлары мен ізбасарлары әр өңірден ыстық ықыластарын бейнежазбалар арқылы жеткізді. Қаламгерлер өз шығармаларын жан тебіренте оқып, автормен оқырман арасында шығармашылық үндестік орнады.
Аталған сұхбат ақындардың шығармашылығын насихаттап ғана коймай, жастарды кітап окуға, рухани дамуға шақырған маңызды мәдени іс-шара ретінде жоғары бағаланды. #ҰлттықКітапКүні2026
#национальныйденькниги2026 @aqtobe.madeniet @gulimaiakyn @nurbol_ibrayev @aqtobetv @aqtobegazeti
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.