Арнаулы кітапхана қызметкерлері № 5 орта мектепте "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр»...
Бейнені ашу мүмкін болмады. Кейінірек қайталап көріңіз.
Мақсаты: көрнекті жазушының шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, тарихи туындылар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Әдеби кеш аясында оқырмандар «Тағдыр» романының мазмұны мен мәніне тереңірек үңіліп, Отаннан тыс жерде өмір сүрген қазақ халқының тарихи тағдырын түсінді. Шығарманың басты кейіпкері– Демежан, елінің намысын қорғаған, әділдік үшін күрескен тарихи тұлғаны танып, әділдік жолында құрбан болса да, халық жадында намысты, қайсар азаматтың ерлігі туралы айтылды.
Оқушылар романнан үзінділер оқып, шығармадағы кейіпкерлердің тағдыры мен тарихи кезеңнің шындығы туралы талқылады.
Әдеби кеш барысында жазушы шығармаларына арналған кітап көрмесі Қабдеш Жұмаділов (1936-2021) - қазақ әдебиетінде айрықша орны бар көрнекті қаламгер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Тағдыр» романы туған жерінен жырақта қалған халықтың қайғылы өмір жолын суреттейді. Шығармада туған жерден жырақта қалған халықтың мұңы мен зары, қайсар рухы, ата-баба тамырына деген адалдығы терең бейнеленген. Туынды нақты тарихи оқиғаларға негізделіп, көркемдік шыншылдығымен ерекшеленеді. 1990 жылы осы шығарма үшін Қабдеш Жұмаділовке Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы табыс етілді.
Әдеби кеш оқырмандардың қызығушылығын арттырып, рухани азық сыйлады. #ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026 @aqtobe.madeniet

