Каталог
Кітапхана жаңалықтары

📚Ашық аспан астында арнаулы кітапхана «Үздік кітаптар топтамасы» атты библофреш шарасын өткізді. Мақсаты: Кі...

📚Ашық аспан астында арнаулы кітапхана «Үздік кітаптар топтамасы» атты библофреш шарасын өткізді. Мақсаты: Кітапты насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты қолдау, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.
Кеш барысында кітаптың адам өміріндегі маңыздылығы жайлы сөз қозғалып, оқырмандар қазақ әдебиетінің үздік шығармаларымен танысты. Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы.
Кітап-адамды тәрбиелейтін, ой-өрісін кеңейтетін, ұлттық құндылық пен адамгершілік қасиетті бойға сіңіретін құрал.
Кітапты құмарту арқылы құлшыныспен сүйсіне көп оқыған адамның көкірек көзі әрқашанда ояу, зейіні зерек, абырой-беделі жоғары, мәртебелі мерейі биік, мінезі көркем, келбеті әсем, азаматтығы бекзат, жүрісі сергек келеді. Кітапханаға келіп, қазақ және әлем әдебиеттерін оқуға
аудиокітаптар тыңдауға шақырамыз!
#ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026 @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.