Фолкнер, Уильям. Сарторис: роман/Уильям Фолкнер; (ауд. М. Әкімжанов) – Астана: Фолиант , 2025.-376 б.
«Сарторис» (Sartoris) — Америка әдебиетінің классигі, Нобель сыйлығының иегері Уильям Фолкнердің 1929 жылы жарық көрген ең танымал романдарының бірі. Бұл туынды автордың ойдан шығарылған Йокнапатофа округі туралы атақты шығармалар циклін бастап береді. Роман Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Американың оңтүстігіндегі Сарторис әулетінің құлдырауы мен трагедиясын баяндайды. Бұл — соғыстың адам психологиясына тигізген ауыр соққысы мен ескі ақсүйектер әулетінің жойылуы туралы туынды. Жас Джон Сарторис соғыстан аман оралғанымен, майданда қаза тапқан егіз сыңары үшін өзін кінәлі сезініп, іштей қатты күйзеледі. Ол өмірдің мәнін жоғалтып, өлімге бас тігетін қауіпті әрекеттерге (жылдам көлік айдау, қауіпті сынақтар) барады.Сарторис әулетінің ер-азаматтары өз ажалынан өлмейді, олар әрдайым соғыста немесе ақымақ қауіп-қатер үстінде ерлікпен қаза табуға құштар. Бұл қасиет олардың қанында бар «соқыр намыс» пен «өршіл мінезден» туындаған.