Каталог

"Ретро-vibe" (духовная ностальгия по прошлому и ритм старых песен)

ЖОБА ПАСПОРТЫ

  • Жобаның атауы: «Ретро – vibe» (Өткен күннің рухани сағынышы мен ескі әндер ырғағы).
  • Жобаның авторы Тулегенов Максат Амантаевич
  • Ұйымдастырушы: Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы
  • Жобаның мерзімі: 2026–2027 жылдар
  • Мақсатты аудиториясы: Көру қабілеті бұзылған егде жастағы оқырмандар, әлеуметтік қорғау саласының ардагерлері, зейнеткерлер және ретро бағытына қызығатын жастар.
  • Жобаның құралдары: Ретро тифло құрылғылар, ретро винил күйтабақтары (пластинкалар), тифлофлешплеерлерге жазылған қордағы аудиокітаптар мен архивтік радио-қойылымдар.

ЖОБАДЫҢ МАҚСАТЫ

Көру қабілеті бұзылған қариялардың мәдени-рухани қажеттіліктерін өткен ғасырдың алтын қорындағы әдебиеті, музыкасы және радио-драмалары арқылы қанағаттандыру; ескі мен жаңа заман арасындағы мәдени байланысты тифлотехнологиялар көмегімен жаңғыртып, егде жастағы азаматтардың эмоционалдық және психологиялық денсаулығын қолдау (ретро-терапия).

ЖОБАДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

  1. Қорды насихаттау: ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің классикалық туындыларын (мысалы, Қабдеш Жұмаділовтің романдары, Шәмші Қалдаяқовтың әндерінің тарихы) Брайль және аудио нұсқада қарияларға кеңінен ұсыну.
  2. Аудио-ретро терапия: Кітапханада винил күйтабақтары мен таспалы магнитофондардың дыбысын тыңдау бұрышын ұйымдастыру, өткен күннің естеліктерін жаңғырту арқылы қариялардың көңіл-күйін көтеру.
  3. Ұрпақтар үндестігі: Ретро мәдениет пен бүгінгі заманауи трендтерді (Жасанды интеллект, тифло құрылғылары) ұштастыра отырып, қариялар мен жастар арасында шығармашылық диалог алаңдарын құру.
  4. Музыкалық-поэзиялық кештер: өткен ғасырдың 60-80 жылдарындағы хит әндер мен мөлдір лирикаға арналған «Ретро-vibe» кештерін өткізу.