Каталог
Новости библиотеки

📚Ұлы ойшыл, түркі дүниесінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын, терең тағылымға толы...

📚Ұлы ойшыл, түркі дүниесінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын, терең тағылымға толы рухани мұрасын насихаттау мақсатында арнаулы кітапханада «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы — рухани құндылықтар мен ізгілік тағылымы» атты танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға ойшылдың өмір жолы, дүниетанымы, діни-философиялық көзқарастары мен түркі халықтарының руханиятына қосқан үлесі туралы ақпарат берілді.
Танымдық сағатта Ясауидің асыл мұрасы саналатын «Диуани хикмет» еңбегіне ерекше назар аударылды. Шығармадағы имандылық, адалдық, сабыр, мейірім, кішіпейілділік пен әділеттілік секілді адамдық қасиеттердің мәні түсіндірілді. Қатысушылар ұлы ойшылдың даналыққа толы өсиеттерімен танысып, рухани тазалықтың, ізгілік пен адамгершіліктің өмірдегі орнын тереңірек түсінді.
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы — өткен дәуірдің ғана жәдігері емес, бүгінгі ұрпақтың да рухани бағдаршамы саналады. @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.