Каталог
Новости библиотеки

Арнаулы кітапханада «Кітаптайм – 2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі аясында Софы Сматаевтың «Елім-ай:...

Арнаулы кітапханада «Кітаптайм – 2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі аясында Софы Сматаевтың «Елім-ай: ұлт тағдыры» атты кітап талқылау кеші өтті. Іс-шараға №5 мектептің белсенді оқушылары мен кітапханашысы қатысты. Кездесу барысында оқушыларға «Елім-ай» романы, шығармада суреттелетін тарихи кезең және оның ұлттық тарихымыздағы маңызы туралы түсіндірме берілді.Тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың білімін бекіту мақсатында «Анаграмма» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар шығарма мазмұны мен тарихи оқиғаларға қатысты сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Оқушылар ойынға белсенді қатысып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, шығарма туралы ойларымен бөлісті. Кездесу «Елім-ай» әнімен қорытындыланды.#кітапtime2026 @aqtobe.madeniet
Просмотр изображения
100%

Кнопки + и − увеличивают изображение. Перетаскивайте его мышью или пальцем; на телефоне можно менять масштаб двумя пальцами.