Арнаулы кітапханада «KitapTime – 2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі аясында қазақ поэзиясының көрнект...
Мақсаты: қазақ поэзиясының ақтаңгері Марфуға Айтқожинаның шығармашылық мұрасын оқырмандарға кеңінен таныстыру, ақын жырлары арқылы ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Шара барысында ақынның өмір жолдары туралы айтылып, оның нәзік те сырлы жырларымен шығармашылығына библиографиялық шолу жасалды.Оқырмандар Марфуға Айтқожинаның поэзия әлеміне саяхат жасап, ақынның туған жерге, елге, анаға деген сүйіспеншілік тақырыбындағы өлеңдерін оқыды.
«Қазақтың жыр аққуы» атты әдеби кеш қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, қазақ поэзиясының асыл мұрасын дәріптеген тағылымды басқосуға айналды.#кітапtime2026 @aqtobe.madeniet

