>

Виртуалды көрме

Кітапхана-руханият ордасы

Раймбаева Құралай Серікқызы

Кітапхана директоры
Директор блогы
ОҚЫЛЫМДАҒЫ ТОП КІТАПТАР!
«Ағынан жарылсақ...»
Автор: Ермахан Шайхыұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ШЫРАҒЫҢ СӨНБЕСІН
Автор: Тахауи Ахтанов
Жанр: Проза
толығырақ
МОСКВА ҮШІН ШАЙҚАС
Автор: Бауыржан Момышұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ!
«Ел үмітін еңсерген қыз» бенефис – шоу
3 желтоқсан күні арнаулы кітапханада Халықаралық мүгедектер күніне орай «Жетістікке жету өз қолыңда» жобасы аясында кітапхана оқырманы, пара пауэрлифтингтен халықаралық спорт шебері, Азия пара ойындарының жеңімпазы, рекордсмен, қоғам белсендісі Гүлім Құрманбаеваға арналған «Ел үмітін еңсерген қыз» атты бенефис – шоу болып өтті. Мақсаты: кітапхананың жас оқырмандарын отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеп, өз елінің біртуар азаматтарына деген мақтаныш сезімдерін ояту, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Шара барысында Гүлім Құрманбаева туралы бейнероликтер көрсетіліп, ашық сұхбат жүргізілді. Оқушылар тарапынан спортшыға түрлі сұрақтар қойылып, кездесу әсем әуенмен өз жалғасын тапты. Гүлім Құрманбаева адам мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдеп жүрген жан. Сынаққа сынбай, қиындыққа мойымай, өзіне де, өзгеге де рухының мықтылығын көрсете білген, дүбірлі додалардан жүлделі оралып жүрген белгілі қазақстандық паралимпиадалық спортшы. Ол 2023 жылы Қытайда өткен Азия Пара ойындарында қола жүлде иеленген. Гүлім бұл жетістігі арқылы Қазақстанның атын әлемдік аренада тағы бір мәрте танытты. Шара соңында спортшы Гүлім Құрманбаеваға кітапхана ұжымы өз алғыстарын білідіріп,алғыс хат пен естелік сыйлық тарту етіп, алдағы додаларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DDJ0noIsU-f/?igsh=MXM5aGZxdTRsZXdtaA