>

Виртуалды көрме

Раймбаева Құралай Серікқызы

Кітапхана директоры
Директор блогы
ОҚЫЛЫМДАҒЫ ТОП КІТАПТАР!
Мой волк или отбор для Альфы
Автор: Татьяна Май
185 бет
толығырақ
Мой волк или отбор для Альфы
Автор: Татьяна Май
185 бет
толығырақ
Мой волк или отбор для Альфы
Автор: Татьяна Май
185 бет
толығырақ
ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ!
Кітапхана тарихы
Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы 1969 жылдан бері зағиптарға, көзі нашар көретіндер адамдарға, олардың отбасыларына және қала тұрғындарға қызмет етіп келеді. Қалыптасу тарихы Ақтөбе соқырлар қоғамының құрылу тарихымен тығыз байланысты. Арнаулы кітапхана «Қазақ соқырлар қоғамы» оқу өндірістік мекемесінің (ҚСҚ ОӨМ) аумағында орналасқан көлемі 300 шаршы метр 1 қабатты 1952 жылы салынған үйді жалға алып отыр. 1969-1974 жылдар аралығында кітапхананың бірінші директоры бірінші топтағы көз мүгедегі Огай Анна Игнатьевна болды. 1976-1984 жылдар аралығында Пластун Тамара Ивановна, 1988-2005 жылдар аралығында Анкапова Ынта Боранбайқызы 2005-2014 жылдар аралығында Есенжанова Несіп Теміржанқызы, 2014-2017 жылдар аралығында Қалауов Нұрлыбек Амандәулетұлы, 2017-2022 жылдар аралығында Хамзина Гүлстан Ғимранқызы қызмет етсе, 2022 жылдан бастап Раймбаева Құралай Серікқызы атқаруда. 2019 жылы арнаулы кітапхана 50 жылдық мерейтойын өте жоғары деңгейде атап өтіп, республикалық конференциясын ұйымдастырды. Астана қаласының 20 жылдығына арналған облыстық «Ең үздік инсталляциялық көрме» байқауында ІІ орынға, республикалық «Астана-халықтар бірлігінің отаны» нүктелі-бедерлі қаріптегі ең үздік кітаптар байқауында ІІІ орынға, Республикалық ерекше жандарға арналған «Ең үздік Брайльша кітап» байқауында ІІІ орынға ие болып, халықаралық «Астана - Вашингтон: достық көпірі» байқауына қатысып, Қазақстандағы Америка бұрышының кординаторы Джудгенің сертификатымен марапатталды. ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған спартакиадада арнаулы кітапхана ІІ орынға, республикалық «Ты в этом мире не один» интернет-акциясы байқауында І орынға, Облыстық «Үздік кітапханалық блог» байқауында ІІІ орынға ие болса, Халықаралық «Библио - green в устойчивом мире» байқауының «Зелёная площадка» номинациясын жеңіп алып, V халықаралық кәсіби кітапханашылардың «КРЫМ-2019» Форумына РФ Судак қаласына шақыру алды. 2019 жылы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІ облыстық «Рухани қазына» фестивалінде «Үздік зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» Дипломымен және жүз мың теңге көлеміндегі бағалы сыйлығына ие болды. Халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде шығармашылық жұмыстар жүргізгені үшін Арнаулы кітапхана ұжымы Ақтөбе облысының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 1969 жылдары 3949 дана кітап болса, бүгінгі таңда кітап қоры – 37441 мың дана. Пайдаланушылар саны -1410 адам, келушілер саны - 20755, кітап берілімі - 33685 Кітапхананың кітап қоры жалпақ қаріппен терілген, бедерлі-нүктелі, дыбыстандырылған және мерзімді басылымдардан тұрады. Ақтөбелік зағип ақын В.Мартыненконың 7 кітабы сандық нұсқаға көшіріліп, келісімшарт негізінде қазақстанның электронды кітапханасының (КазНЭБ) қорына орналастырылды. Кітапхана заманауи жаңа технологиялармен жабдықталған және арнаулы кітапханаларға арналған «АИС СБ РК» бағдарламасымен қамтамасыз етілген. Кітапханада интернетке қосылған арнайы компьютерлер, нүктелі-бедерлі қаріппен басып шығаратын принтер, «Sara» оқу машинкасы, тифлофлешплеер, аудио кітаптар және зағиптардың жазуға арналған құралдарымен жабдықталған. Кітапхана көруі бойынша мүгедектерді электронды кітаптармен қамтамасыз ететін ресейлік «Логос» бірінші интернационалды онлайн кітапханасымен келісім шарт бойынша, бірлесіп жұмыс атқарады. «Логос» онлайн кітапханасы қоры ұсынған түрлі бағыттағы аудио кітаптарды ақысыз алуға қол жеткізілді. Арнаулы кітапхана оқырмандары кітапхана арқылы электронды кітапхана қорындағы кітаптарды тегін жүктеп, тыңдай алады. Кітапханада зағип жандардың мәдени демалысын тиімді пайдалану мақсатында түрлі тақырыптағы кездесулер, book dating, акциялар, әдеби аукцион, оқырман бенефисі, онлайн семинарлар, дауыстап оқулар, т.б. көпшілік шаралардың жаңаша және дәстүрлі түрлеріұйымдастырылады. Кітапханада «Арнаулы кітапхана шақырады», «Волонтерлар кітапханада», «Көп оқыған қария», «Сөз сыры», «Абай және біз», «Слушать не напрягая зрения», «Жетістікке жету өз қолында!» жобалары жұмыс жасайды. Әлеуметтік серіктестермен іскерлік және шығармашылық қатынастар жолға қойылған. Барлық аудандарда стационардан тыс қызмет көрсету және «Үй абонементі» қызметі жұмыс жасайды. Кітапханада «Lada Largus» автомобиль көлігімен қамтамасыз етілген. Кітапхана жыл бойы түрлі халықаралық, республикалық және облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.