>

Виртуалды көрме

Кітапхана-руханият ордасы

Раймбаева Құралай Серікқызы

Кітапхана директоры
Директор блогы
ОҚЫЛЫМДАҒЫ ТОП КІТАПТАР!
«Ағынан жарылсақ...»
Автор: Ермахан Шайхыұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ШЫРАҒЫҢ СӨНБЕСІН
Автор: Тахауи Ахтанов
Жанр: Проза
толығырақ
МОСКВА ҮШІН ШАЙҚАС
Автор: Бауыржан Момышұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ!
«Жан - жақты өнер иесі» кездесу кеші
5 қыркүйек күні «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Жетістікке жету өз қолыңда» жобасы аясында «Жан - жақты өнер иесі» атты кездесу кеші өтті. Кеш кітапхананың тұрақты оқырманы, Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалы төрағасы, Ақтөбе корпоративтік қордың президенті Назым Жұрынбайқызына арналды. Шараға қонақ ретінде Назым Жұрынбайдың жолдасы Мұрат Мадинов, анасы - Гүлімай Зейнебекқызы, екінші анасы – Жұмасұлу Берсігурқызы, зағиптар мәдениет үйінің директоры Ақыл Жұбандықұлы және достары мен ұжымдастары шақырылды. Шара барысында қонақтар кейіпкерге арнап ыстық ықыластарын білдіріп, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар Назым Жұрынбайдың оқытушысы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен Айтимов Марат ағай жолдаған құттықтау видеоролигі оқырмандардың назарына ұсынылды. «Жанарсыз да жарық әлем» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынып, оқырмандарға психологиялық тренинг жүргізілді. Шара барысында қалалық зағиптар мәдениет үйінің қызметкерлері оқырмандарға әсем ән, күмбірлеген күйін тарту етті. Мотивацияға толы кешке облыстық «Aqtobe» телеарнасының тілшілері куә болды. Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/C_kw3CSMa48/?igsh=MW14YWo4cXR2cHpleQ