>

Виртуалды көрме

Кітапхана-руханият ордасы

Раймбаева Құралай Серікқызы

Кітапхана директоры
Директор блогы
ОҚЫЛЫМДАҒЫ ТОП КІТАПТАР!
«Ағынан жарылсақ...»
Автор: Ермахан Шайхыұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ШЫРАҒЫҢ СӨНБЕСІН
Автор: Тахауи Ахтанов
Жанр: Проза
толығырақ
МОСКВА ҮШІН ШАЙҚАС
Автор: Бауыржан Момышұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ!
Ұлтын оятқан ұлы жүрек
Ұлтын оятқан ұлы жүрек...
  • Акімшілік
Жаңалықтар бетіне ауысу

21 қазан арнаулы кітапхана № 5 жалпы білім беретін мектепте қазақ ағартушысы, ақын, жазушы, педагог, қоғам қайраткері,  ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Ұлтын оятқан ұлы жүрек» оқырман конференциясын өткізді.

Мақсаты:Ақынның әдеби мұрасын және қоғамдық қызметін өскелең ұрпаққа таныстыру, шығармашылық әлемін, ұлт үшін жасаған еңбектерін насихаттау. 

Шара барысында оқушыларға «Елім деп соққан ұлы жүрек» атты көрмесі таныстырылды. Алаштың арысы М. Дулатовтың шығармашылығы туралы бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар қойылып, тарихи тағлымы мол мәліметтер ұсынылды. Оқушылар М. Дулатұлының өлеңдерін жатқа оқыды. «Оян, қазақ!» деп елін, халқын алға сүйреуге бар ғұмырын арнаған Алаш қайраткерінің рухы әлі де жастарды отаншылдыққа, елге қызмет етуге, патриоттық сезімдерінің нық қалыптасуына ықпал етіп келеді.

Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DQEzSg5AjJ-/?igsh=MTZpeDA2enBrbnFpdw==

 

Сіздің пікіріңіз