Мақсаты: қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қаламгерлердің әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу. Аталған шараға колледж оқытушылары мен студенттері және кітапхана мамандары қатысты. Танымдық сағат биыл «Бір ел-бір кітап» республикалық акцияда таңдалған қаламгерлер Тәкен Әлімқұловпен Жұмекен Нәжімиденовтың шығармашылығына арналды. Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып оқырмандарға таныстырылды. Кітапхана қызметкері Қ.Қонысбай «Бір дәуірдің қос үні» тақырыбында баяндама оқып, қос қаламгер туралы толық мәлімет берді. Тәкен Әлімқұлов-ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер төл әдебиетіміздің көрнекті өкілі. Ұлт болмысын, тіл тазалығын басты назарға қойған қаламгердің өмір жолы, өскен ортасы, қоғамдық байланысы жайында сөз қозғалып, бейнеролик көрсетілді. Оқырмандар Әлімқұловтың шығармашылығында поэтикалық жинақтар да, проза жанрындағы шығармаларына «Ақбоз ат», «Күрең өзен», «Тұлпарлар тағдыры», қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбайұлына арналған «Жұмбақ жан» сияқты кітаптарына слайд арқылы сипаттама беріп «Қаратау» өлеңі оқылды. Шара барысында колледж оқытушылары: Л. Балгазиева, А. Калиеваның жетекшілігімен студенттер Тәкен Әлімқұловтың «Көк қаршыға», «Қара тау» шығармаларына талдау жасады.Табиғатпен үндескен туындылардың тақырыптық ерекшелігі, шығарманың шиеленіскен тұсы, өзектілігі тұтас талқыланды. Республикалық акцияның поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтілетін Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары насихатталып «Жұмекен Нәжімиденов- жыр темірқазығы» таныстырылды. «Менің елім-Гүлстан», «Туған жер туралы» өлеңдері оқылды. Тағылымды тәрбиеге толы танымдық сағат Н. Аманованың жетекшілігімен «Балауса» композицисымен қорытындыланды. Шарада белсенділік танытқан жандарға кітапхана директоры Қ. Раймбаваның алғыс хаты табыс етілді. Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DFfdDH_sN7v/? igsh=MTB2NDZxZHJ3eDRxdQ==
31 қаңтар күні арнаулы кітапхана Ақтөбе жоғары педогогикалық колледжімен бірлесіп, «Сөз сыры» жобасы аясында «Мен оқыған бір кітап» танымдық сағатын өткізді.
Сіздің пікіріңіз бізге маңызды