>

Виртуалды көрме

Кітапхана-руханият ордасы

Раймбаева Құралай Серікқызы

Кітапхана директоры
Директор блогы
ОҚЫЛЫМДАҒЫ ТОП КІТАПТАР!
«Ағынан жарылсақ...»
Автор: Ермахан Шайхыұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ШЫРАҒЫҢ СӨНБЕСІН
Автор: Тахауи Ахтанов
Жанр: Проза
толығырақ
МОСКВА ҮШІН ШАЙҚАС
Автор: Бауыржан Момышұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ!
«Көп оқыған қария» жобасы аясында кітапханада қазақ әдебиетіндегі лирик, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атты поэзия кеші өтті.
«Көп оқыған қария» жобасы аясында кітапханада қаза...
  • Акімшілік
Жаңалықтар бетіне ауысу

 «Көп оқыған қария» жобасы аясында кітапханада қазақ әдебиетіндегі лирик, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атты поэзия кеші өтті. Поэзия кешіне кітапхананың тұрақты оқырмандары мен Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледж оқытушылары мен студенттері, No5 жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Шара барысында қазақтың қара өлеңінің құдіретін барша адамзатқа ұқтыра білген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығынан «Мұқағали- мәңгілі ғұмыр» кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды. Ақынның өмір жолы, өскен ортасы, шығармашылығы жайында бейнежазбалар көрсетіліп, өз даусымен жазылған өлеңдер тыңдалды. Кітапхана оқырмандары мен оқушылар ақынның «Ана, сен бақыттысың», «Әке», «Ей, өмір», «Отан»,«Қара өлең», «Ғашықпын» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Біз білетін Мұқағали» айдарында оқырмандар ақын өміріне қатысты тың деректерден толық мәлімет алды. Жүрек қылын шерткен Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер: «Бақыт деген», «Саржайлау», «Сенің көзің», «Отыздан асып барамын», «Мен деп ойла», «Есіңе мені алғайсың» әндерін гуманитарлық колледж студенттері жанды дауыста шырқады. Сырлы сезімге толы кеште талантты тұлғаның «Өз- өзіңді жақсы көр» өлеңі терме түрінде орындалып, жиналған көпшіліктің көңіліне әдемі әсер сыйлады. Мөлдір шықтай таза өлеңді жүрекпен сезініп белсенділік танытқан оқырмандарға кітапхана директоры Қ. Раймбаеваның атынан алғыс хат табысталды. Мазмұнды кешке өңірлік «Рика тв» тілшілері куә болды. Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DF-N0Uis_m8/? igsh=czFkcXJnYW0zdjRj

Сіздің пікіріңіз