Мақсаты:Қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлін насихаттау, ана туралы қара өлеңдер, әсем әндер арқылы оқырмандарды, аруларды мерекемен құттықтау, ата-анаға деген құрмет сыйды арттыру, қоғамды ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Әдеби-сазды кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары мен Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледж студенттері, "Қыз Жібек" студиясы орталығының әншілері қатысты. Шара барысында тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстырылды. Кеш барысында қоғамда түрлі салада қызметте жүрген әйелдер, көп балалы аналар өз өмір жолдары мен қызметінің қызықты тұсымен бөлісті. Ана тақырыбында М. Мақатаевтың "Шеше, сен бақыттысың", Т. Айбергеновтың "Ана" өлеңдері мәнерлеп оқылды, Ш. Қалдаяқовтың "Қара көздер" және "Әйел бақыты", " Ана туралы жыр", "Ару ана" әндері орындалды. Оқырмандар өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл- күйде тарқасты. Мерекелік кешке демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге алғыс білдіреміз. nazy_flowers gudi. boxelite(шармен әрлеген) Орамал aylesia_lux Kyz.uzaty_kyz_zhibek nurlan_yesalin 25.02 Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DG5JtsAM6le/? igsh=MXV1NnM0Nmp0NDF3cQ==
Арнаулы кітапханада 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» атты әдеби-сазды кеші өтті.
Сіздің пікіріңіз бізге маңызды