14 наурыз - Амал мерекесі және 22 наурыз -Ұлыстың Ұлы күніне орай, наурызнама онкүндігі аясында «Наурыз тойы мереке, Салт-дәстүрі береке» мерекелік кеші өтті. Мазмұнды кешке кітапхананың зейнеткерлері, тұрақты оқырмандар қатысты. Кеш “Жарапазан” әнімен ашылды. Шара барысында зағип оқырмандарға ұлттық дәстүр бойынша наурыз мерекесінің ерекшелігі, табиғат пен адамның байланысы, салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы насихатталды. Мерекелік кеште оқырмандарға «Сырғалым» мейрамханасы ақ дастарханын жайып ұлттық тағамдардардан дәм татқызды. «Айс-Плюс»ЖШС зағип оқырмандарға сүт өнімдерін үлестірді. Шара барысында Ақтөбе қалалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің әншілері, “ Жылқышы”, “Ақ бұлақ”, “Мен қазақтың қызымын”, “ Ойна да күл”, ”Байтақ елім” әндерін шырқап, қалалық зағиптар мәдениет үйінің өнерпаздары “ Жақсы адамдар азаймасын” деп ән арнады. “ Дәстүрге жол” жобасының ақ жаулықты аналары ұршық иіру әдісімен бөлісті. Абыз ақсақалдар бата түрлеріне тоқталып, ақ тілектерін айтты. Қазақтың салт- дәстүрлеріне толық тоқтау жасалып, сұрақ -жауаптар алынды. Оқырмандар төл өнер термеден “ Халық термесі”, “ Сүйген жар” тыңдалып құлақ құрышын қандырды.Мерекелік кеште қазақтың “Тұсау кесу” рәсімі жасалды. Кеш соңында белсене атсалысқан кітапхана оқырмандарына алғыс хаттар және сыйлықтар табысталды. @aicecompany_kz @syrgalym_restaurant #aqtobealtynbesigim @ddiut_bolashak #наурызақтөбе #наурызмейрамы Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DHLmDlHM9W7/? igsh=NHJpcHFydXBsczQ4
4 наурыз - Амал мерекесі және 22 наурыз -Ұлыстың Ұлы күніне орай, наурызнама онкүндігі аясында «Наурыз тойы мереке, Салт-дәстүрі береке» мерекелік кеші өтті.
Сіздің пікіріңіз бізге маңызды