11 сәуір күні арнаулы кітапхана қызметкерлері No13 орта мектепте "Табандылық пен жігердің жарқын үлгісі" психологиялық тренинг сағатын өткізді.
Тренингке мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. Аталған шараға қонақ ретінде кітапханашы зағип жан Тулегенов Мақсат арнайы барды.Кейіпкер көз жанарынан айырылса да, өмірге деген құлшынысын арттыру мақсатында талай қиындықтардан өткендігін баяндап берді. Оқушыларға түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланылып, "Айтуға оңай ойыны", "Адасқан әріптер", "Жағдаяттық ситуациялар", "Егер сен ағаш болсаң...." тақырыбында ойындар өткізілді.Оқушылар сұрақтар қойып әсерлі жауаптар алды. Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, оқушыларға таныстырылды. М.Мақатаевтың "Қызық өмір", "Өмір мен сені сүйемін", "Тағдыр"өлеңдері оқылды. Тренинг өз деңгейінде мазмұнды өтті. Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DITeJRqMprI/? igsh=ZnF6NWF0NTlrbnl1
Сіздің пікіріңіз бізге маңызды