“Ұлттық кітап күні” мерекесі апталығы аясында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен “Мәртебелі кітап” атты ашылу салтанаты өтті.
Бұл ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болған атаулы күн. 23 сәуір —Ұлттық кітап күнінің қабылдануы қоғам назарын кітап оқуға аударады. Сондықтан атаулы күнге сәйкес оқырмандарға кітап көрмесі ұйымдастырылып, жадынама және визиттік карточкалар үлестірілді. Оқырмандар соңғы оқыған кітаптары туралы айтып, пікір бөлісіп талқылады. Сілтемесі:https://www.instagram.com/reel/DIf-NFhsnxb/? igsh=Y2I4cHZjaTljcW92
Сіздің пікіріңіз бізге маңызды