>

Виртуалды көрме

Кітапхана-руханият ордасы

Раймбаева Құралай Серікқызы

Кітапхана директоры
Директор блогы
ОҚЫЛЫМДАҒЫ ТОП КІТАПТАР!
«Ағынан жарылсақ...»
Автор: Ермахан Шайхыұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ШЫРАҒЫҢ СӨНБЕСІН
Автор: Тахауи Ахтанов
Жанр: Проза
толығырақ
МОСКВА ҮШІН ШАЙҚАС
Автор: Бауыржан Момышұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ!
. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен 23 сәуір- Ұлттық кітап күніне арналған «Ұлағатты кітап-ұлт мерейі» сұхбаты өтті.
. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапха...
  • Акімшілік
Жаңалықтар бетіне ауысу

 ССұхбатқа Жазушылар одағының мүшесі, Журналисттер одағының мүшесі, ақын, Сағи Жиенбаев атындағы әдеби сыйлықтың иегері, әуесқой сазгер Гүлсамал Аймаханова, Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Тұманбай Молдағалиев атындағы әдеби сыйлықтың иегері Гүлжайнар Қалдина, айтыскер ақын бірнеше хит әндердің авторы Оразбек Қинбаев және жас ақын Нұрсұлтан Әбжан қатысты. Мақсаты: Ұлттық кітап күні мерекесі туралы оқырмандар арасында терең түсінік қалыптастыру. Өлкелік ақындардың шығармаларын насихаттап, автормен бірге кітап оқып, поэзия әлеміне сапар шегу. Сырлы сұхбатқа кітапхананың тұрақты оқырмандары мен Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледж студенттері мен оқытушылары, С. Бәйішев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандары мен кітапханашылары қатысты. Шара барысында Кітап оқитын қоғам құру жолдары қандай? Өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қабілетін, зейінін қалай ашуға болады? Деген сұрақтарға жауап іздеуден басталды. Ақтөбенің Шалқар өңірінен шыққан 4 бірдей ақындардың өскен ортасы, балалық шағы, шығармашылық жолы туралы бейнежазбалар көрсетілді. Қаламгерлер өз даусымен сезімге толы мөлдір жырларын нақышына келтіріп оқыды. Сұхбат барысында Оразбек Қинбаевтың сөзіне жазылған «Аман ба?», «Ауылды аңсау» әндерін «Қазақ зағиптар мәдениет үйі» өнерпаздары шырқады. ????Сұхбат барысында Гүлсамал Аймаханованың «Ей, жүрек», «Жизнь такова», Гүлжайнар Қалдинаның « Кейде барым, кейде жоғым беймәлім» «Ана»Нұрсұлтан Әбжанның «Жастарға үндеу» өлеңдері мәнерлеп оқылды. Сырлы сұхбат барысында оқырман мен авторлар арасында шығармашылық үндестік орнап, түрлі сұрақтарға жауап алынды. Ғибратты әңгімелер айтылып, қазіргі оқырмандардың кітап оқудағы талғамы мен талап тілектері туралы сөз болды. Сілтемесі:https://www.instagram.com/reel/DIymyrnI-Ea/? igsh=MWw1bW9wOTZoNXp3dA==

 

Сіздің пікіріңіз