30 сәуір арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен No 5 жалпы орта білім беретін мектепте «Оқитын өлке» акциясы аясында ҚР Мәдениет қайраткері, Б.Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың иегері, журналист, жазушы, сатирик Табыл Құлыястың туғанына 90 жыл толуына орай «Қаламының ұшында сөзі қалған» атты әдеби кеші өтті. Мақсаты: Жерлес жазушы, сатирик Табыл Құлыястың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпаққа кеңінен таныстырып,олардың рухани дамуына оң ықпал ету. Ақтөбе топырағының арда жаратқан ұлдарының бір — Табыл Бекқазыұлы Құлыяс қаламгер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар одағы мен журналистер одағының мүшесі. Сонымен қатар, қазақ журналистикасындағы алғашқы сатиралық киножурналды өмірге әкелген адам. 37 нөмірі жарық көрген «Жебе» атты сатиралық киножурнал — Қазақ телевизиясының кейін қайталанбаған жеке- дара қазынасы. Шара барысында жазушының өмірбаяны мен әдеби мұрасы жайлы ақпараттық баяндама тыңдалып,зілсіз әзіл, әжуа қағытпа бар, тілі шұрайлы шығармалары туралы айтылып, «Сатира сарбазы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, оқушылар белсене қатысты. Сілтемесі:
30 сәуір арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен No 5 жалпы орта білім беретін мектепте «Оқитын өлке» акциясы аясында ҚР Мәдениет қайраткері, Б.Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың иегері, журналист, жазушы, сатирик Табыл Құлыястың туғанына 90 жыл толуына орай «Қа
Сіздің пікіріңіз бізге маңызды