>

Виртуалды көрме

Кітапхана-руханият ордасы

Раймбаева Құралай Серікқызы

Кітапхана директоры
Директор блогы
ОҚЫЛЫМДАҒЫ ТОП КІТАПТАР!
«Ағынан жарылсақ...»
Автор: Ермахан Шайхыұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ШЫРАҒЫҢ СӨНБЕСІН
Автор: Тахауи Ахтанов
Жанр: Проза
толығырақ
МОСКВА ҮШІН ШАЙҚАС
Автор: Бауыржан Момышұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ!
25 сәуір күні Ақтөбе облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық музейі, РФ Псков облысы, Новосокольники қалалық өлкетану музейімен бірлесіп, аты аңызға айналған снайпер
25 сәуір күні Ақтөбе облыстық зағип және нашар көр...
  • Акімшілік
Жаңалықтар бетіне ауысу

 25 сәуір күні Ақтөбе облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық музейі, РФ Псков облысы, Новосокольники қалалық өлкетану музейімен бірлесіп, аты аңызға айналған снайпер, ержүрек қыз – Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Әлия ғұмыры – ерлік пен өнеге» атты Халықаралық библиокөпір өткізді. РФ Новосокольники қалалық өлкетану музейінің меңгерушісі Е.В. Маркова өз сөзінде қазіргі замандағы жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызын атап өтіп, Новосокольники өлкесінің тыныс-тіршілігімен және мәдениет мекемелері арасындағы көпжылдық ынтымақтастыққа алғыс білдірді. Шара қонағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мұнай-газ ісі» кафедрасының профессоры, патриоттық қозғалыстың белсендісі Т.А. Төлешов патриотизм мен батырлықты ұлықтаудың маңызын атап өтті. Шарада Әлия Молдағұлованың өмірі мен майдандағы ерлігі туралы естеліктер айтылып, апасы Сапураға жазған хаты, мерген қыз туралы өлең шумақтары оқылып, «Әлия» әні орындалды. Библиокөпір жылы әрі достық атмосферада өтті. Шара барысында оқырмандар музейге экскурсия жасап, соңында қатысушылар Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығымен құттықтап, тағзым етті. Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DI3p4MIIRnD/? igsh=bWUzeGNpYmJxNW9i

Сіздің пікіріңіз