Казакстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Мерекелік кундердін тізбесінде»
маусым айының үшінші жексенбісі - Әкелер күні.
Бұл мерекені атап өтудегі басты мақсат- еліміздегі
отбасылық құндылыктарды ілгерлету, отбасы
институтын нығайту, әкелердің қоғамдағы рөлін
айшықтау.
16 маусым арнаулы кітапхана Әкелер күніне арналған «Әке отбасының тірегі» атты қызықты сауалдар подкастын өткізді. Шара барысында түрлі салада қызмет жасап жүрген әкелер сауалдарға жауап беріп, ішкі толқыныстарын жасырмады.
Әке - бір сөз, мәңгілік мағына. Кез-келген ер адам әке атанады бірақ, әке болу бар да, әке бола білу бар. Нағыз әке балаға жігерлі, қайсарлы, жауапкершілікті сезініп, мейірім, қамқорлық, қолдау көрсетіп, талап пен тәртіпті тең таразылайтын бала жанының бағбаны.
Кез -келген мәселенің оң шешімін ӘКЕМ біледі деп сенім артатын асқар тау.
Әке дегенде тебіренбейтін жүрек, толқымайтын көңіл болмайды. Қазақ қоғамында әке балаға қорған, әке – асыраушы, әке – айбын болып есептеледі. Әр отбасының отағасы-әкелер, бала болашағына зор үмітпен қарайды, ертеңіне сенеді. Мерелеріңіз құтты болсын ардақты әкелер!
Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DK9FmmNMRju/?igsh=MTV6dmYyZHEwZGM1ag==

Сіздің пікіріңіз бізге маңызды