Мақсаты:оқырмандардың әнге деген қызығушылығын арттыру,әншілік қабілетін анықтау, ән әлеміне саяхат жасау.
Бұл кеште тыңдарман қауым поэзия, жастық шақ және сұлулық әлемін жырлай отырып, 70-80-90 жылдарға қызықты саяхат жасап, жақсы көңіл-күй сыйланды.
Кеште сол кездегі поэзияның ең жарқын және есте қаларлық сәттері, махаббат туралы классикалық әндер, сұлу мезгілден шабыттанған, қазақ даласын әнмен тербеткен сазгерлердің, соның ішінде Шәмшінің шығармалары паш етілді.Сонымен қатар кітапхана оқырмандары «Әуенді тап» ойынына белсене қатыстып, әнді бірге шырқап, сыйлықтармен марапатталды.
Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл — күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Ән — халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі. Адамның тіршілігі үшін тамақ қандай қажет болса, ән — күйдің де сондай физиологиялық қажеттігі бар. Музыканы дүниеге әкелген композиторлар сол арқылы жанының қалауын тыңдарманына жеткізе білген. Олардың есімдері әндерімен бірге ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді.Музыка ешқашан ескірмейді, ол адамзатпен бірге жасай береді. Кеш соңында оқырмандарға буфеттен жеміс-жидектерден дайындалған сусын ұсынылды.
Сілтемесі:https://www.instagram.com/reel/DLHpkJ-Mubp/?igsh=bHBoaWxwMzBqc2dl

Сіздің пікіріңіз бізге маңызды