«Көп оқыған қария» жобасы аясында арнаулы кітапханада «Балалықтың бал дәмі» танымдық сағаты өтті. Танымдық сағат барысында оқырмандар балалық шақ балдәурен кезеңдері туралы әдемі естеліктерімен бөлісіп, өз замандарындағы артықшылықтар мен ерекшеліктер, кеңестік кезең қызығы мен қиыншылығына тоқталды. Балалықтың бал дәмі саналатын ұмытылып бара жатқан дәмдер, олардың дайындалу барысы туралы сөз болды. Шара барысында оқырмандар бала кезде сүйіп оқыған ақын- жазушылары: Абай Құнанбайұлы, Мұқағали Мақатаев, Бәкір Тәжібаев, Сағи Жиенбаев, Бибігүл Иманғазина, Сайын Мұратбеков, Ілияс Жансүгіров сынды қаламгерлердің шығармалары жөнінде ой бөлісіп, еркін пікір алмасты. Бала күнгі есте қалған кинолардан үзінділер көрсетіліп, ескі есті әндер шырқалды.
Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DLUmkk6MPaR/?igsh=MTZ5OWVranJ6ZmhjZA==

Сіздің пікіріңіз бізге маңызды