26 маусым арнаулы кітапханада Қазақстан халқын бір тудың астына біріктірген Ата заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Конституциясы Брайль қарпімен шығарылған алғашқы басылымның таныстырылымы өтті.
Мақсаты: оқырмандарды өз құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, көру қабілеті бұзылған адамдардың ақпаратқа тең қол жеткізу, құқықтарын жүзеге асыру.
Ата Заң - халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын көксеген армандарын жүзеге асырған, мемлекеттің алтын қазығы, қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі.
Ата Заңды құрметтеу, ондағы қағидаларды бұлжытпай сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын жетік білудің арқасында біз өз елімізді, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз.
Халық – мемлекеттің ең басты байлығы болса,
Ата Заң айбыны болып табылады.
Шара барысында оқырмандарға Қазақстан халқының құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін және мемлекеттік құрылымының негіздері туралы айтылды.
Ел тірегіне айналған Ата Заңның айбыны әркез асқақтай берсін!
Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DLXKgp7IwmR/?igsh=MmJpeGVhajR2cW83

Сіздің пікіріңіз бізге маңызды