27 маусым күні арнаулы кітапхана ұйымдастыруымен «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалында ақын Валерий Мартыненконың 70 жылдығына арналған «Судьба поэта» атты еске алу кеші өтті.
Мақсаты: Зағип ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпаққа рухани үлгі ету, көрермендерге оның жан дүниесінің тереңдігін таныту.
Шараға кітапхананың зағип оқырмандарымен қатар, ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар, журналисттер Одағының мүшесі, өнер зерттеушісі, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Тұңғыш Елбасы атындағы қорғаныс университетінің құрметті профессоры, Ойыл ауданының Құрметті азаматы, кітапхана ардагері Қалауов Нұрлыбек Амандәулетұлы, және zoom платформасымен С.Бəйішев атындағы Ақтөбе облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану бөлімінің меңгерушісі Карагулова Рысжан Болашевна, Хромтау,Мәртөк аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері қатысты.
Шара барысында Валерий Мартыненконың өмір жолы, әдеби шығармашылығы жайлы кітапхана ардагері Мальцева Наталья Владимировна бейне жолдау арқылы ақынның өмір жолы, естеліктермен бөлісіп, қызметтік жолындағы шығармашылық байланысы туралы баяндап берді. Ақын өлеңдері мәнермен оқылып, туындыларына жазылған әндер шырқалды.
Кітапхана қорында бар кітаптарынан қаламгердің еңбектерінен кітап көрмесі жасақталып оқырмандар назарына ұсынылды.
Кеш әсерлі, рухани дем беретін атмосферада өтті. Қатысушылар ақынның өмірге деген шексіз құштарлығын, мүгедектікке қарамастан жыр арқылы жеңгенін атап өтіп, еркін пікір алмасты. Оқырман үшін өшпестей етіп өлеңмен із қалдырған зағип ақынның жырлары мәңгілік ұмытылмайды. @aqtobe.madeniet @baishev_kitapkhanasy @martuk_biblioteka @hromtau_audandyk_kitaphana
Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DLZ6ovTsfQH/?igsh=cjhkazljcjlteTVo

Сіздің пікіріңіз бізге маңызды