>

Виртуалды көрме

Кітапхана-руханият ордасы

Раймбаева Құралай Серікқызы

Кітапхана директоры
Директор блогы
ОҚЫЛЫМДАҒЫ ТОП КІТАПТАР!
«Ағынан жарылсақ...»
Автор: Ермахан Шайхыұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ШЫРАҒЫҢ СӨНБЕСІН
Автор: Тахауи Ахтанов
Жанр: Проза
толығырақ
МОСКВА ҮШІН ШАЙҚАС
Автор: Бауыржан Момышұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ!
Ән патшасы – Шәмші
Ән патшасы – Шәмші...
  • Акімшілік
Жаңалықтар бетіне ауысу

    20 тамыз күні арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында сазгер, «қазақ вальсінің королі» атанған Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Ән патшасы – Шәмші» атты  әдеби-сазды кеш өтті.

Мақсаты: Қазақ эстрада өнерінің негізін қалаушы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың музыкалық-эстетикалық талғамын дамыту.

  Кеш барысында Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, кітап көрмесі таныстырылды. Оқырмандар сазгердің кең тараған «Менің Қазақстаным», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Ана туралы жыр» әндерін орындады. Сонымен қатар әуендер жасырылып, көрермендер жалғасын тауып, белсенділік танытты. Әдеби кеш қатысушылардың көңілінен шығып, жақсы көңіл-күй сыйлады.

Қазақ халқының өнер әлемінде өшпес із қалдырған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өнегесі ешқашан ұмытылмайды!

Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DNkz9xYi8LC/?igsh=MXRwdmMyMWppdmU0bw==

Сіздің пікіріңіз