3 қыркүйек арнаулы кітапхананың қызметкерлері №13 жалпы білім беретін орта мектепте Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тілім менің –тірегім!» атты поэзия сағатын өткізді. Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ана тілінде таза сөйлеуге және
ана тілін сүюге, тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Адам мен адамды, халық пен халықты жақындастыратын құрал – тіл. Тіл – достықтың кепілі, ел татулығының негізі. Әр халықтың асыл рухани қазыналарының бірі, биік рухты ұлт екендігінің белгісі, оның баға жетпес байлығы – тілі. Тіл – ең алдымен, ұлттық бастауымыз, адамзаттың даму тарихындағы ең басты жетістіктерінің бірі, ол кез келген халықтың болмысы, символы. Шара барысында аталмыш мерекенің маңызы туралы туралы түсіндіріліп. қазақтың үш биі – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің тіл туралы толғаулары айтылып, ақындардың осы тақырыптағы өлеңдері оқылды. Сонымен қатар «Тілім менің- тірлігімнің айғағы» атты кітап көрмесіне библографиялық шолу жасалып, оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, қызығушылықпен өз жауаптарын берді.
Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DOI086wgmzf/?igsh=MTFhODR3NTFla2xlNw==

Сіздің пікіріңіз бізге маңызды