С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Жасанды интеллект» тақырыбында танымдық тренинг өтті. Аталған шараға Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің 2 курс студенттері қатысты. Шараның модераторы кітапхана директоры Раймбаева Құралай Серікқызы тақырыптың өзектілігіне тоқталды.
Тренинг барысында қатысушыларға жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, оның заманауи қоғамдағы рөлі мен түрлі саладағы қолданылу аясы туралы мағлұмат берілді.
Шара спикерлері ретінде С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап -ғылыми кітапханасының әдіскері Алпысбаева Қызғалдақ Тілектесқызы және арнаулы кітапхана бағдарламашысы Жақсылықов Мейрам Жанмедетұлы шақырылды.
Спикерлер жасанды интеллект технологиясының кітапхана қызметіндегі маңызына тоқталып, қатысушыларға практикалық кеңестер айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Тренинг соңында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, заманауи технологияларды тиімді пайдалану жолдарын талқылады.
Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DO8bDMOiEcU/?igsh=MW94c2g0NnIwbXI2cw==

Сіздің пікіріңіз бізге маңызды