Роль библиотеки в жизни незрячих
26 қыркүйек күні арнаулы кітапханада “Роль библиотеки в жизни незрячих” атты тақырыпта подкаст өткізілді. Мақсаты: кітапхананың әлеуметтік, мәдени және рухани қолдау орны екенін насихаттау;
Бұл подкастта зағип және нашар көретін жандар үшін кітапхананың қоғамдағы орны мен рөлі сөз болды. Оқырмандарға алғаш рет кітапханаға қай жылы келгені, ең бірінші брайль жүйесі бойынша оқыған кітабы, есінде ұмытылмастай қалған шығармасы туралы сауалдар қойылып, пікір алмасты.
Кітапхана — тек көру қабілеті бар адамдарға ғана емес, көру мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да арналған білім мен ақпараттың ордасы, мәдениет пен руханияттың қайнар көзі.
Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DPEDhRciNE8/?igsh=cjRtczYyOTRmaWhx

Сіздің пікіріңіз бізге маңызды