3 қазан күні арнаулы кітапхана №13 орта мектепте жергілікті қазақтың көрнекті жазушысы, фельетоншы, журналист Үмбетбай Уайдиннің туғанына 90 жылдығына орай «Қазақ сатирасының сардары» тақырыбында дауыстап оқу сағатын өткізді.
Мақсаты: жазушының көп туындылары сатира мен юморға негізделгенін, тілі көркем, жеңіл әрі түсінікті, кейіпкерлері – қарапайым ауыл адамдары, еңбек иелері екенін, әлеуметтік мәселелерді мысқылмен астарлай жеткізетінен түсіндіру;
Шара барысы жазушының өмір жолы, естеліктер ретінде ізі қалған, оқырманды туған жерге ой жүгіртуге жетелейтін «Шалқар вальсі» өлеңін бірге орындау арқылы басталды. Жазушының өмір жолы, туып өскен ортасы Ырғыз өңірі туралы деректермен ой бөлісіп, пікір алмасты.
Оқушыларға жазушының «Ақтөбе», «Қазақ әдебиеті» газеті басылымдарында жарияланған әңгімелеріне библиографиялық шолу жасалды.
Үмбетбай Уайдиннің шығармалары қазақ әдебиетіндегі сатира жанрының дамуына зор үлес қосты, жастарды тәрбиелеуде, шындықты астарлап айтуда үлкен мәнге ие болып қала бермек.
Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DPWgZhfCDMD/?igsh=ZmJjdGJzYjFzeXhk

Сіздің пікіріңіз бізге маңызды