«Сөз сыры» жобасы аясында кітапханада «Ескі әндер әуені» атты әуенді сағаты өтті. Ән арқылы адам жаны емделеді. Зерттеушілердің сөзіне сүйінсек, ән арқылы адам стресстен арылады, иммундық жауапты ынталандырады, өкпе тыныс алу жолдарын жақсартады, музыка терапиясы арқылы сезім гормондарын ретке келтіреді.
Өткен ғасырдың 60-70 жылдары қазақ ән өнерінің биік бір белеске шыққан салтанатты кезіболды. Әбілахат Есбаев, Шәмші Қалдаяқов, Сейдулла Бәйтереков, Бекен Жамақаев, Әсет Бисеуов, Нұрғиса Тілендиев сынды кәсіби композиторлар сол уақытта қазақ даласын әнмен тербеді. Концерттерде, түрлі жиын тойларда, әрбір үйдің төріндегі радиоларда қазақ әндері үздіксіз шырқалып тұрды. Сол әндердің басым бөлігі әлі күнге ел аузында.
Шара барысында қазақ ән өнеріне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар туралы кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.
Ән өнері туралы бейнежазба көрсетіліп, ескі әндердің авторлары, шығу тарихы туралы айтылды. Әуенді сағатта қазақ қызының ерлігін әлемге паш еткен «Әлия» әні туралы баяндалды. Сонымен қатар,
« Ақ бұлақ», «Ақ бантик», «Тамаша», «Алтыным», «Аққу арман» әндері шырқалды.
Сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/DPyYAdXgta1/?igsh=b2Q4bnBsMGIwamQx

Сіздің пікіріңіз бізге маңызды