успешная подключение к БД Ермахан Шайхыұлы
>

Виртуалды көрме

Раймбаева Құралай Серікқызы

Кітапхана директоры
Директор блогы
ОҚЫЛЫМДАҒЫ ТОП КІТАПТАР!
«Ағынан жарылсақ...»
Автор: Ермахан Шайхыұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ШЫРАҒЫҢ СӨНБЕСІН
Автор: Тахауи Ахтанов
Жанр: Проза
толығырақ
МОСКВА ҮШІН ШАЙҚАС
Автор: Бауыржан Момышұлы
Жанр: Проза
толығырақ
ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ!

Ермахан Шайхыұлы

Әбдіраман Ермахан Шайхыұлы - 1966  жылы  29 қаңтарда Түркістан қаласында туған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. «Қазақ университеті» (қазіргі «Санат») баспасында редактор, «Түркістан» газетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Түркістан қалалық әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, «Түркістан тынысы» телеарнасының директоры, «Бикеш»,  «50 де 50» газеттері мен «Той-қазына» журналының  бас редакторы қызметтерін атқарды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде дәріс берді. Әр жылдары «Дала мен қала» газеті бас редакторының орынбасары, «Айқын» газетінің тілшісі, меншікті тілшілер қосынының меңгерушісі, бас шолушы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, шығарушы редактор болып істеді. Қазір «Аннұр сапа» баспасының бас редакторы. 2007–2009 жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасында  қайта ашылған «Қымызхана» әзіл-оспақ отауының сценарилерін жазды.   «Ауыз тие отырыңыз», «Біртүрлі кітап», «Мынауың жынды екен», «Жатыпатар», «Шылдыр шүмек», «Аққудың сыңары», «Қазіргі қазақ сатирасы», «Ағынан жарылсақ...», «Әріп әлемі», «Сандалған сауал», «Қоңыр қажының күнделігі», «Атақты  айтқыштар» атты кітаптардың авторы.   Ермахан Шайхыұлының шығармалары 3 оқулыққа және бірнеше жинақтарға енгізілді.   Сондай-ақ оның құрастыруымен «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» атты той кітабы және Ыбырай  Алтынсариннің  2 томдық, Камал  Смайыловтың 3 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.   Сонымен бірге «Санат», «Аннұр сапа», «Қазығұрт», «Аруна», «Алтай медия» баспаларынан  жарық  көрген  300-ге жуық кітаптың жауапты редакторы болды.   Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың екі мәрте, Садықбек Адамбеков атындағы, сондай-ақ «Алтын қалам» сыйлықтарының лауреаты. Президент Алғысхатының, сонымен бірге «Бейбітшілік әлемі», «Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығы», «Ел ардақтысы», «Қазақ журналистикасының қайраткері», «Қазақстан полициясына 25 жыл», «Шона Смаханұлы», «Қадыр Мырзалиев», «Төлеген Айбергенов» атындағы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарының иегері.   Қазақстан Жазушылар және Халықаралық Жазушылар одағының, сондай-ақ Журналистер одағының мүшесі.

Ермахан Шайхыұлы авторының кітаптар жинағы
Кштаптар бетіне ауысу
«Ағынан жарылсақ...»...
«Ағынан жарылсақ...»
Автор: Ермахан Шайхыұлы
Жанр: Проза
толығырақ